Арыс ҚПБ қызметкерлері қалалық музейде болып, ондағы жәдігерлермен танысты. Қала туралы материалдар мен суреттерді көріп, шағын шаһардың құрылу жолынан хабардар болды.
Іс-шараға қатысқан ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы курсанттары мен жас полицейлер қоғамның дамуы жолында қызмет еткен ел ағаларының қызмет жолдары жайлы кеңінен мәлімет алды. Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысы жылдары ел үшін кеудесін оққа тосқан ардагердің өмірімен және еңбек жолдарымен танысты — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Басқосуда ішкі істер органдарының қызметкерлерін аға ұрпақтың даңқ дәстүрлерінде тәрбиелеу ісінде музей жұмысының рөлін арттыру мақсатында орамды ойлар ортаға салынды. Тәртіп сақшыларының күнделік ерліктері таныстырылды.
Қызмет атқару барысында аса қауіпті қылмыскерді құрықтау кезінде қаза тапқан тәртіп сақшыларының ерліктері жайлы естеліктер айтылды. Арыс қаласының тарихи насихатталып, туған жердің түлеткен тұлғалар туарлы мәліметтер берілді.




