1-маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Төлеби аудандық полиция бөлімі мен Төлеби аудандық ауруханасының қызметкерлері бірлесіп іс-шара ұйымдастырды.
Сондай-ақ игі істің жоғары деңгейде өтуіне Төлеби ауданы әкімдігі мен аудандық адами әлеуетті дамыту, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері де атсалысты.
Сала мамандары арнайы көмекті қажет ететін балаларға және де аурухананың балалар бөлімінде ем қабылдап жатқан жеткіншектердің көңіл күйін көтеріп, сыйлықтар таратты — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Балалар арасында өнер көрсетуден сайыстар ұйымдастырылып, ойындар ойнатылды.




