Түркістан облысының аумағында ағымдағы жылдың 17 мамыры мен 16 маусымы аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Мұндағы басты мақсат — жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтау және жолын кесу, жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, облыс жолдарында апаттылықты төмендету болып табылады. Жедел алдын алу іс-шарасына 500-ге жуық патрульдік полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар, басқа да мүдделі органдардың өкілдері жұмылдырылған—деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Жалпы, «Қауіпсіз жол» іс-шарасы басталғалы 2021 жылдың 31 мамырына дейін тәртіп сақшылары 16226 жол ережесін бұзушылықты анықтап, мас күйінде көлік жүргізген 64 жүргізушіні ұстады. Қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін 3326 жүргізуші, қозғалыс кезінде телефонды пайдаланғаны үшін -1211, жылдамдықты асырғаны үшін — 562, маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін — 699, қарама — қарсы қозғалыс жолағына шыққаны үшін — 46, бағдаршамның тыйым салатын сигналына шыққаны үшін — 114, авариялық жағдай туғызғаны үшін — 61, теміржол өтпелерінен өту ережелерін бұзғаны үшін — 16, техникалық байқаудан өтпегені үшін — 789 және жүргізуші куәлігінен айырылғандары үшін 3 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған қоса тәртіп сақшылары жалған мемлекеттік нөмірі бар 8 көлікті ұстады және ЖҚЕ бұзған 2809 жаяу жүргіншіге қатысты әкімшілік хаттама толтырды.
Сонымен қатар, тексеру барысында патрульдік полиция қызметкерлері қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған 17 жол қауіпсіздігі ережесін бұзушылықты анықтады. Заңсыз қайта жабдықтаудың 167 дерегін, 5 рейс алдындағы және медициналық тексеруден өтпеу жағдайын анықтады. 569 көлік айыптұрағына қойылды.
Түркістан облысының полицейлері, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге, жолаушыларға ережелерді қатаң сақтап, жылдамдық режимін бұзбауға және қарсы қозғалыс жолағына шықпауға шақырады. Жол қозғалысы ережелерін бұзудың соңы орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін екенін ұмытпаңыз!
ТО ПД-ның баспасөз қызметі




