Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келеді. Оның айтуынша түскі уақытта үйінің алдында тұрған көлігіне белгісіз тұлға заңсыз кіріп, ішіндегі әмиян мен банк кәртішкесін жымқырып кеткен. Оқиғаны полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алып шұғыл іздестіру жұмыстарын жасады. Нәтижесінде тәртіп сақшылары тәулік ішінде орта жастағы азаматты жергілікті мекенжайынан анықтап бөлімшеге жеткізді — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай күдікті деп танылған азаматтың жұмыссыз және бұрын сотты болғаны анықталды. Айғақты зат ретінде ұрланған әмиян мен банкамат кәртішкесі алынып, заңды иесіне қайтарылды. Сондай-ақ білікті полицейлер күдіктінің бұдан басқа «Тонау» қылмысына қатысы барын анықтады. Қазіргі таңда ұсталған ер азаматқа қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы қамауда.
Өз кезегінде полицейлер тұрғындарға өз мүліктеріне ие болуды, қараусыз қалдырмауды ескертеді. Егер, сіз, ұрлықтың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, тез арада «102» нөмірі арқылы полицейлерге хабарласыңыз.
ТО ПД-нің баспасөз қызметі




