Түлкібас АПБ-не жергілікті тұрғын арызданып, танысы әкімшілікте істейтінін айтып, құқық қорғау органдарына жұмысқа кіргізіп беремін деп алдағанын жеткізген. Содан күдікті жәбірленушіден жұмыс ақысы үшін 500 000 теңге алған. Алайда, бүгінгі күнге дейін уәде етілген жұмысы болмаған, не өз ақшасын кері ала алмаған. Арада бірнеше күн өткен соң жәбірленуші танысының алдап жүргенін білген. Сондықтан біден полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінген. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша СДТБТ-ға тіркелді.
Тәртіп сақшылары іздестіру шаралары барысында күдіктіні жергілікті мекенжайынан анықтады. Полицейлер күдікті азаматтың ешқандай әкімшілікте жұмыс жасамайтынын анықтады. Қазіргі уақытта алаяқтық жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бүгінгі таңда күдікті азаматтың бас шарасы келу туралы міндеттемеде. Сондай-ақ тәртіп сақшылары күдіктінің басқа да алаяқтыққа қатыстылығын анықтауда — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға күмәнді қызметтерді ұсынатын бейтаныс адамдарға сенбеуге кеңес береді. Сондай-ақ, қандай да бір мәмілелерді, рәсімдеу кезінде мұқият болу керектігін айтады. Егер сіз алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, шұғыл «102» телефоны арқылы полицияға хабарласыңыз.
ТО ПД баспасөз қызметі




