Мақтаарал АПБ-нің ЖПҚБ-нің учаскелік полиция инспекторлары Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің ерекше бөліміндегі тәртіпсіздікке «нөлдік төзімділік» қағидатын жүзеге асыруға, азаматтардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыруға және қоғамдық тәртіпті нығайтуға тікелей әсер ететін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен белгіленген баптары бойынша, 2021 жылдың 4 айында жалпы нөлдік төзімділік қағидаты бойынша 1992 құқықбұзушылық анықталса, өткен жылы 1142 анықталған.
Атап айтқанда, ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабымен «Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер»-52, 133-бабы «Он сегiз жасқа толмаған адамдарға темекiнi және темекi бұйымдарын сату және олардың сатуы» бойынша — 2 құқықбұзушылық, 200-бабымен «Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу» — 11, 204-бабымен «Белгiленбеген орындарда сауда жасау» — 187 құқықбұзушылық, 408-бабы «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзуы» бойынша — 553, 434-2-бабымен «Ортақ пайдаланатын орындарды ластау» бойынша — 392 құқықбұзушылық тіркелген — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы «Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу» бойынша — 219, 441-бабымен «Жекелеген қоғамдық орындарда темекi шегуге тыйым салуды бұзу» — 85, 442-бабы 2 бөлігімен «Кәмелетке толмағандардың заңды өкiлдерiнің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде болуы» — 7 құқықбұзушылық және 449-бабы «Қоғамдық орындарда тиісу» бойынша — 330 құқықбұзушылық анықталып, әкімшілік шара көрілген.
Мәселен, Мақтаарал ауданының жергілікті тұрғыны қоғамдық орында адамның қадір-қасиетіне нұқсан келтіретіндей дәрежеде мас халде жүргені анықталды. Аталған тұрғынға медициналық сараптама тағайындалып, сараптама қорытындысына сәйкес, полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы «Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу» бойынша әкімшілік хаттама толтырған.
Осы тұста полиция қызметкерлері ескертеді: Жол жүру қағидаларын қатаң сақтаңыздар. Қандайда бір құқықбұзушылықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада «102» нөмірі арқылы полицейлерге хабарласыңыздар.
ТО ПД-ның баспасөз қызметі




