Төлеби АПБ-на жергілікті тұрғын арызданады. Жәбірленушінің айтуынша, 2019 жылдың мамыр айында сырттай танысы «Мемлекеттен 1 гектар жер алып, заңдастырып беремін» деп әбден сендіріп, алаяқтық жолмен 1 200 000 теңгесін алған. Алайда арадан 1 жылдан астам уақыт өтсе де не жерін алмаған, не ақшасын қайтармаған. Аталған жайттар АПБ-ға ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.
Аудандық тәжірибелі полицейлерден құрылған жедел-тергеу тобы тұрғынды арбауына түсірген алаяқты ұстауға қажетті шараларды жасады. Куәгерлерден жауап алу барысында, жинақталған ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке-басы анықталып, олар аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Ұсталған ер адамның жергілікті тұрғын екені белгілі болды. Ол өз кінәсін толық мойындады. Алаяқтық жолмен алынған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Ұсталған ер азамат «қолхатта».
Қазіргі таңда осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Түркістан облысы полицейлері азаматтарға алаяқтардан барынша сақ болуды ескертеді. Кез келген ұсынысты қабыл алмай, толық тексеріп алыңыз деп кеңес береді. Кезексіз, уақытынан бұрын мәселемді шешемін деп ақша беріп, алаяққа алданып қалмаңыз. Егер де, сіз, осыған ұқсас қылмыстың куәгері немесе құрбаны болсаңыз, уақыт оздырмай бірден полицейлерге «102» телефоны арқылы хабар беріңіз.
ТО ПД-ның баспасөз қызметі




