102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Мас халде көлік басқарып, адам өлімімен аяқталған жол апатын жасаған жүргізуші 5 жылға сотты болды

21 апреля, 2021
0
Мас халде көлік басқарып, адам өлімімен аяқталған жол апатын жасаған жүргізуші 5 жылға сотты болды

Жол-көлік оқиғасы салдарынан елімізде қаншама жандар жарақат алып, кей сәттері өкінішке орай, көз жұмып та жатады. Негізінде зерттеулерге сәйкес, жол апаты көбіне жылдамдықты асыру, қарсы бағытқа шығу, маневр жасау ережелерін сақтамау, ішімдік ішіп көлік басқару сынды жайттардың салдырынан орын алады.
Тәртіп сақшылары болса, осындай олқылықтардың алдын алып, болдырмау мақсатында, күні-түні рейдтік-профилактикалық іс-шаралар, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді. Десек те, ескертпеге құлақ аспайтын, жол қозғалысы ережесін өрескел бұзатын жүргізушілер қатары азаяр емес. Мәселен, облыс көлемінде жыл басынан бері мас халде көлік басқарған жүргізушілердің қатысуымен 6 жол-көлік оқиғасы орын алған. Салдарынан 2 адам қаза тауып, 8 адам жарақат алған. Сондықтан осы тұста Сарыағаш ауданында соңы адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасына қатысты сот үкімі шықты. Онда 1985 жылы туылған жүргізуші 5 жылға бас бостандығынан айырылып, өмір бойына көлік басқаруға тыйым салынды.
Нақтырақ айтсақ, 2020 жылдың желтоқсан айының 29-ы күні кешкі сағат 20:00 шамасында 35 жастағы жергілікті тұрғын өзінің «Mitsubishi Carisma» маркалы көлігімен «Сарыағаш-Қазығұрт» тас жолымен келе жатып, жол жүрісі қауіпсіздігін сақтамай, қарама-қарсы жүру жолағына шығып кетіп, «Opel Vectra» маркалы автокөлікке соқтығысады. Соның салдарынан «Opel Vectra» жүргізушісі оқиға орнында көз жұмады, ал ішіндегі жолаушының бірі аурухананың жансақтау бөлімінде алған дене жарақаты салдарынан қайтыс болады.
Хабарлама алысымен оқиға орнына шыққан жедел-тергеу тобы жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізеді. Тексеру барысында қарама-қарсы бағытқа шығып, жол апатын жасаған жүргізушінің «жеңіл дәрежелі» мас халде екендігі белгілі болды. Яғни, мас халде көлік басқарып келе жатқан жүргізуші рульді игере алмай қалған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 345-1-бабы 4-бөлігімен «Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» тіркеуге алынды. Барлық қажетті іс-құжаттары жинақталып, нақты дәлелдермен заңды шара көрілу үшін сотқа жолданды. Нәтижесінде «Mitsubishi Carisma» жүргізушісіне жәбірленуші тараптардың кешірім беріп, бұдан алдында жауапкершілікке тартылмағаны ескеріліп, сот шешімімен оған қатысты өмір бойына көлік құралын жүргізу құқығынан айыру және 5 (бес) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ал, негізінде осы баптың санкциясына сәйкес, бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан көп адамның өліміне алып келген іс-әрекет — белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Осы тұста тағы да айтып өтсек: Құрметті облыс тұрғындары, жүргізушілер мен жолаушылар! Әрқайсыңыз жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаңыздар! Автокөлікке мас халде отырмаңыздар, мүмкіндігінше ішімдіктен бас тартыңыз. Өйткені спирттік ішімдік соңы, орны толмас өкінішке алып келетін қайғылы оқиғалардың орын алуына себепкер болып жатады. Сондықтан жол жүргенде абай болыңыз!

ТО ПД-ның баспасөз қызметі

ShareTweetPin
Next Post
Түркістан облысында «Уылдырық» іс-шарасы кезінде 3 заңсыз балық аулау  мен 100-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Түркістан облысында «Уылдырық» іс-шарасы кезінде 3 заңсыз балық аулау мен 100-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Бәйдібектік полицейлер Қызыл кітапқа енген қызғалдақтарды жұлған ер адамды ұстады

Бәйдібектік полицейлер Қызыл кітапқа енген қызғалдақтарды жұлған ер адамды ұстады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым