Өткен демалыс күндері Түркістан қаласының аумағында тәртіп сақшылары «Жасөспірім» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді, оған әкімдік, білім беру, ата-аналар комитеттері және басқа да мүдделі органдардың өкілдері қатысты. Рейдтік жұмыстардың мақсаты кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз үйден тыс жерде жүрген балаларды анықтау және басқа да қоғамдық тәртіпті бұзу болып табылады.
Рейд барысында ювеналды полиция қызметкерлері компьютерлік ойынханалар, скверлер, саябақтар, көшелер, дәмханалар және басқа да ойын-сауық орындары сияқты жасөспірімдер көп жиналатын орындарды тексерді. Нәтижесінде ювеналды полиция түрлі құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 69 кәмелетке толмаған баланы қалалық полиция басқармасына жеткізді. Сондай-ақ, полицейлер кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу бойынша ата-ана міндеттерін тиісінше орындамау жайтын анықтады. 35 ата-анаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөлігі «кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы»бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды.
Темекі және темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, кальянға арналған темекіні, кальян қоспасын, темекіні қыздыруға арналған жүйелерді, электрондық тұтыну жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды жиырма бір жасқа толмаған адамдарға сату «ҚР ӘҚБтК-нің 423-бабы 1-бөлігі бойынша 1 сатушы темекіні сатқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Профилактикалық есепке 12 жасөспірім және 6 қолайсыз отбасы алынды. Жиналған 3 материал кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жіберілді — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ағымдағы жылдың басынан бастап Түркістан қ.ПБ ЖПҚ ювеналды полиция қызметкерлері 74 кәмелетке толмаған және 36 қолайсыз отбасын есепке қойды.
«Жасөспірім» жедел алдын алу іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен профилактикалық жұмыс жүргізді, құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны үшін жауапкершілік туралы айтып, қайталанған құқық бұзушылықтарды болдырмау үшін профилактикалық әңгімелер өткізді.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауға кеңес береді, ал жастарды салауатты өмір салтын ұстануға және зиянды әдеттерден бас тартуға шақырды.
ТО ПД баспасөз қызметі




