Өзбекстан Республикасынан келген азамат Жамшид Холов Түркістан ҚПБ көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлеріне өз алғысын білдірді. Қызмет көрсету сапасы көңілі толған шетелдіктер тез арада құжаттардың рәсімделгендігін айтып, ризашылықтарын білдірді — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
-Еңбек мигранттарының елдегі құжаттандыру жұмыстарын заңдастырып отырған қызметкерлерге рахметімізді айтамыз. Көп күттірген жоқ. Барлық жұмысымызды сапалы, әрі тиянақты орындап берді – дейді ол.
Жалпы 2021 жылдың 3 айында Түркістан ҚПБ көші-қон қызметі бөлімімен 1523 шетел азаматтары Түркістан қаласы аумағына уақытша тіркеуге қойылған. Оның ішінде жеке сапармен 652, оқуға 35, жұмысқа 789, басқа мақсаттармен 47 азамат келген.
ТО ПД-нің баспасөз қызметі




