102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ІІМ-де коронавирустық инфекциядан қорғау құралдары таныстырылды

26 апреля, 2020
0
ІІМ-де коронавирустық инфекциядан қорғау құралдары таныстырылды

ІІМ-де коронавирустық инфекциядан қорғау құралдары таныстырылды.

Төтенше жағдай режимі енгізілген алғашқы күннен бастап медицина қызметкерлерімен бірге халықтың денсаулығын қорғау бағытында полицейлер мен әскери қызметшілер де қызмет атқарып жатыр. Олар блок-бекеттерде жұмыс істеп, қоғамдық тәртіпті күзетеді, карантиндік аймақтарда жұқтыру ошақтарын оқшаулау бойынша арнайы іс-шаралар жүргізеді. Санитарлық ережелерді бұзу әрекеттерінің жолын кеседі, әлеуетті жұқтырушылар және олармен байланыста болғандарды іздейді.

Қызметке кіріскенде “қауіптілігі жоғары топтарымен” жұмыс істей отырып, медицина қызметкерлері сияқты, олар да өздеріне жұқтыру қаупімен бетпе-бет келеді.

Осыған байланысты, ІІМ басшысының тапсырмасы бойынша қылмыстық-атқару мекемелерінің барлық тігін цехтарында ішкі істер органдарының қызметкерлеріне арналған қорғаныс құралдарын тігу жүргізіліп жатыр.

Мәселен, бірінші кезеңде медициналық маскаларды тігу өндірісі жолға қойылды, 1 000 000-ға жуық қорғаныс бұйымдары дайындалды, бұл жеке құрамның қорғаныс құралдарына деген қажеттіліктерін толығымен жабуға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлеріне арналған арнайы костюмдер өндірісі басталды.

Қорғаныш комбинезон – көп рет қолданылатын, ол су өткізбейтін әсері бар қоспалы матадан жасалған. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде қысқа мерзімде өндірісі жолға қойылған бұйымдардың жаңа түрі қорғаудың қосымша құралы болып табылады.

160 қорғаныс комбинезонынан тұратын бірінші партияны блок-бекетте қызмет атқаратын елордалық полицейлер алды. Жақын арада қорғаныс комбинезондарымен ІІМ-нің барлық аймақтық бөлімшелері қамтамасыз етіледі. Бірінші кезекте оларды карантиндік іс-шараларға тартылған қызметкерлер алады.

“Күн сайын 25 мыңға жуық полицей, құтқарушылар және Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жасақпен күзетке шығады. Осы қиын жағдайларда пенитенциарлық жүйе өзінің тиімділігін көрсетті. Менің тапсырмам бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің “Еңбек” РМК әзірлеген құралдар төтенше жағдай кезінде өз қызметтік борышын тәулік бойы орындайтын қызметкерлеріміздің денсаулығын қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді”, – деді Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Бұдан басқа, ҚАЖК басшылығы “дезинфекциялық тоннель” деп аталатын қорғаныс құралының тұсаукесерін өткізді. Бірінші эксперименттік үлгі Ішкі істер министрлігінің ғимаратына кіре берісте орнатылған. Тоннель құрылымы қарапайым: ол дезинфекциялық қасиеті бар арнайы физертіндіні бүрку құралымен жабдықталған. Мұндай пункттер ҚАЖ мекемелерінде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында барлық колонияларда орнатылады.

ShareTweetPin
Next Post
Полицейлер мен дәрігерлер алдынғы қатарда қызмет етуде

Полицейлер мен дәрігерлер алдынғы қатарда қызмет етуде

Үш тоннаға жуық заңсыз ауланған балық тәркіленді

Үш тоннаға жуық заңсыз ауланған балық тәркіленді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым