102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Ащы судың салдарынан отбасының тыныштығын бұзып, тәртіп сақшыларын балағаттаған тұрғын анықталды

6 апреля, 2021
0
Ащы судың салдарынан отбасының тыныштығын бұзып, тәртіп сақшыларын балағаттаған тұрғын анықталды

Арыс аудандық полиция бөліміне жас қыз арызданып, ішіп келген әкесі үйлерінде шу шығарып жатқанын хабарлаған. Ақпарат түсісімен сол аймаққа бекітілген учаскелік полиция инспекторлары көмекке аттанады. Тәртіп сақшылары көрсетілген мекенжайға жетіп, отбасылық ұрыс-керістің үстінен түседі. Осы сәтте шенділерді көрген отағасы бірден ашуға беріліп, аузына келген сөзді айтып балағаттап, түрлі боқтық сөздерді қарша боратады.
Ал, полицейлер заңды талапқа бағынуды ескертіп, ер адамды сабырға шақырады. Алайда, ащы суға сылқия тойған тұрғын еш тоқтамай, өзінің дөрекі мінез көрсетуін жалғастыра береді. Тіпті учаскелік полиция қызметкеріне қол көтермекке ұмтылады. Десек те полицейлер отбасының шырқын бұзып, өзгелердің мазасын алған тұрғынды тыныштандырып, мастық дәрежесін анықтау үшін ауруханаға жеткізеді. Медициналық қорытындыға сәйкес, ер адам «орта дәрежелі» мас күйде екендігі белгілі болды.
Болған жағдайға байланысты полицейлерді балағаттаған тұрғынға қатысты ҚР ҚК-нің 378-бабы «Билік өкілін қорлау» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оған қоса аталған жайт ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы «Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер» бойынша тіркелді. Әкімшілік шара көрілу үшін жинақталған іс-құжаттары сотқа жолданды. Сондай-ақ әйел қорғау нұсқамасына алынды — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Атап өтер жайт, осыдан бір жыл алдында бұл отбасының әйелі күйеуінің үстінен шағымданып, істері сотқа дейін жеткен. Бірақ, соңында әйелдің кешірім беруімен іс қысқартылған көрінеді. Осыған қарамастан, отағасы арасында ішімдік ішіп, отбасын келеңсіз жағдайға қалдырыруды әдетке айналдырған.
Жалпы, Түркістан облысы Полиция департаментінің полицейлері осындай отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында, тұрақты түрде профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді. Тіркелген жайсыз отбасылар мен қорғау нұсқамасына алынған тұлғалармен жеке-дара түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз.
Сондықтан Түркістан облысы полицейлері азаматтарға мас күйде жүріп, тұрғындардың мазасын алмау керектігін ескертеді. Сонымен қатар, өз қызметтік міндетін атқаруға келген билік өкілдеріне күш қолданудың соңы, қылмыстық жауапкершілікке апаратынын ескертеді. Сондықтан қарсылық көрсетіп, құқық бұзушылық жасағанша, өз қауіпсіздігіңізді ескеріп, заң талаптарына бағынғандарыңыз жөн. Егер де, сіз, осындай оқиғалардың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, полицейлерге хабар беріңіз!

ТО ПД-ның баспасөз қызметі

ShareTweetPin
Next Post
Түркістан облысы ПД-ның  бастығы Түлкібас ауданының учаскелік полиция бекеттеріне барды

Түркістан облысы ПД-ның бастығы Түлкібас ауданының учаскелік полиция бекеттеріне барды

Ұрлық жасаған үшеуді анықтады

Ұрлық жасаған үшеуді анықтады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым