102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Түркістанның тұрғыны 2 жыл бұрын ұрланған биесін тауып берген полицейлерге алғыс айтты

5 апреля, 2021
0
Түркістанның тұрғыны 2 жыл бұрын ұрланған биесін тауып берген полицейлерге алғыс айтты

Полиция қызметкерлері мал ұрлығының алдын алу мен оны болдырмауға, қылмыскерлерді ұстауға бағытталған жедел шараларды әрдайым атқарып келеді. Қылмыс орын алғанда қауіп-қатерге қарамастан бірден әрекет ететін де осы саланың қызметкерлері. Сондай-ақ қылмыстардың ашылуы да әртүрлі мерзімді құрайды. Бірінде күдіктілер ізін суытпай ұсталса, енді бірінде бірнеше жылдан кейін қолға түсіп жатады.
Мәселен мына жайтта полицейлер ұзақ уақыт бойы, мұқият атқарылған жұмыстардың нәтижесінде күдіктілерді ұстап, арызданушының малын қайтарып берген.
Оқиға 2019 жылдың желтоқсанында болған. Кентау қаласындағы ауылдардың бірінде жергілікті тұрғынның денсаулығы болмай, сүтін сауып, емдік мақсатта пайдаланып отырған буаз биесін түнгі уақытта күдіктілер жымқырып кеткен. Биесінің жоғалғанын көрген тұрғын бірден тәртіп сақшыларына 102 арқылы қоңырау шалып, арызданады. Оқиға орын алған жерге сақшылар келіп, тексеру жұмыстарын жүргізеді. Қылмысты ашуға бағытталған жедел шараларды атқарады — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Осылайша тұрғынның арызданғанына екі жыл мерзім өтеді. Ендігі уақытта ұрланған жылқым қайтарылмайтын шығар деген оймен, тұрғын полиция қызметкерлерінен үмітін үзеді. Алайда 2021 жылдың наурыз айының ең соңғы аптасында арызданушының үйіне полиция қызметкерлерінен қуанышты хабар келеді. Көлігімен тұрғынды полиция бөліміне жеткізіп, ұсталған барымташылардан тәркіленген жылқыларды көрсетеді.
«Үйіме полиция қызметкері келіп, сіздің ұрланған биеңіз табылған сияқты. Бірқатар малдар барымташылардан тәркіленді. Менімен бірге бөлімге барып, жылқыңызды танысаңыз алып кетесіз.», — деп мені өз көлігімен полиция бөліміне алып барды. Негізі жылқымның табылатынына сенбей, арада бірнеше жыл өткен соң үмітімді үзген болатын. Бірқатар малдар бар екен. Ішінен өз биемді танып, көріп, қуанып қалдым. Тіпті тәртіп сақшылары арнайы жүк көлігін өздері жалдап, биемді үйіме жеткізіп берді. Бастапқыда биемді тану қиынға соқты, өйткені ол азып-тозып, қараусыз байланып тұрғаны байқалды. Тіпті аяқтарында жіппен байлап, тұсаулап тастаған іздері дақ секілді қалып кеткен. Өз жылқыма жаным ашыды. Қылмыскерлер аямаған екен. Осы тұста Түркістан облысының полиция қызметкерлеріне алғысымды білдіремін. Жылқым табылды. Қуанып жатырмын. Сенбеген едім, жылқымды алдыма алып келіп берді. Әділдік бар екен. Арыз жазған соң, сену керек, сабырлы болу керек екен. Рақмет полицейлерге.», — деп өзінің шынайы ризашылығын жеткізді арызданушы Нұрбол Төлегенұлы.

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

ShareTweetPin
Next Post
Шекарадан есірткі алып өтпек болған ер адам 2 жыл мерзімге бас бостандығынан шектелді

Шекарадан есірткі алып өтпек болған ер адам 2 жыл мерзімге бас бостандығынан шектелді

Дүкеннен ақша ұрлаған қалта ұрыны анықтады

Дүкеннен ақша ұрлаған қалта ұрыны анықтады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым