Полицейдің Стандартқа сай болуы қоғамдық сенімнің қажетті шарты, қызметтік міндеттерді сапалы орындаудың маңызды факторы болып табылады. Осы мақсатта Түркістан облысы Полиция департаменті Кадр саясаты басқармасының бастығы полиция полковнигі Мақсат Асқаров, Өзіндік қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Досмаханбет Абдраманов және ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы Оспанғазы Жанқожаевтардың қатысуымен келелі кездесу өткізілді. Іс-шарада Түркістан қалалық ПБ-ның жеке құрам қызметкерлеріне тәртіптік құқық бұзушылықтарды болдырмау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жолын кесу мақсатында түсіндірме жұмыстары өткізіліп, Өзіндік қауіпсіздік басқармасының дайындаған бейнероликтері көрсетілді — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар, аталмыш іс-шара облыстың басқа да аудандарында жалғасын тапты. Мәселен, Кентау ҚПБ-де Арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Хамза Елеусізов, Отырар АПБ-де Кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Нұрғали Болсынов және Бәйдібек АПБ-де Арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының бастығы полиция подполковнигі Ақжігіт Табылдиевтермен жеке құрам қызметкерлерінің полицейдің талапқа сай, антына адал қызмет етуі айтылып, бейнежазбалар ұсынылды.
Аталған жиналыстарда: «Полицияда қызмет атқару — қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады. Осыған орай, тәртіп сақшысына қойылатын талаптар да жоғары. Себебі полицей әрбір тұрғынның өзін қауіпсіз сезініп, тыныш ұйықтауы үшін күні-түні қызмет атқаруы тиіс. Кез келген қиын жағдайда көмек көрсетуге дайын болуы керек. Полицей өз елінің патриоты болған кезде, биік шыңдарды бағындырып, еңбегі еленетін болады»-деп, мән-маңызы зор әңгімелер айтылып, ұсыныс-пікірлер қарастырылды. Ең бастысы — қашанда «ел қорғаны» деген атқа сай болу керектігі жеткізілді.
ТО ПД-ның баспасөз қызметі




