102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Түркістан облысының полицейлері есірткі сақтап, ұрлықпен айналысқан күдіктіні анықтады

16 марта, 2021
0
Түркістан облысының полицейлері есірткі сақтап,  ұрлықпен айналысқан күдіктіні анықтады

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының (ЕҚҚІҚБ) қызметкерлеріне жергілікті тұрғындардың бірінің есірткіні заңсыз өткізумен айналысатыны туралы хабарлама келіп түсті. Анықталғандай күдікті Түлкібас ауданы тұрғындарының біріне 5 мың теңгеге марихуана сатқан. Аталған жайтты полиция қызметкерлері СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 297-бабы «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу» бойынша тіркеді.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ЕҚҚІҚБ-ның полицейлері есірткі сату қылмысына күдікті ретінде Түлкібас ауданының тұрғынын қолға түсірді. Сараптамаға сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 23 грамнан асатын «марихуана» болып шықты. Содан жедел уәкілдер ұсталған адамның тұрғылықты мекенжайына тінту жүргізді. Нәтижесінде үйінің ішінен «синтетикалық есірткіні» тәркіледі. Бүгінгі таңда күдікті азамат уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Сондай-ақ тергеу барысында күдіктінің бұдан басқа ұрлық жайтына қатысы бар екені анықталды. Онда кешкі сағат 20:00 шамасында жәбірленушінің үйінің алдындағы көше бойында жатқан автокөлік дөңгелектерінің темір дискілерін және басқа да темір бұйымдарын ұрлап кеткен. Жәбірленуші әйелге келтірілген жалпы шығын көлемі 100 000 теңгеге жуық. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша СДТБТ-ға тіркеді — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Өз кезегінде полицейлер тұрғындарды сақ болуға шақырады. Бағалы заттарыңыз бен құнды бұйымдарыңызды ұры-қарының көзі түспейтін жерде сақтауға кеңес береді. Сондай-ақ үй аулаларыңызға бейнебақылау камераларын орнатыңыздар. Қандайда бір ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада «102» нөмірі арқылы полицейлерге хабар беріңіздер.

ТО ПД-ның баспасөз қызметі

ShareTweetPin
Next Post
Түркістан облысының полицейлері ірі қара малдарды ұрлаған екеуді ұстады

Түркістан облысының полицейлері ірі қара малдарды ұрлаған екеуді ұстады

Мақтааралдық полицейлер мал ұрыларынан сақтануды ескертеді

Мақтааралдық полицейлер мал ұрыларынан сақтануды ескертеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым