Түркістан облысы ПД Жергілікті полиция қызметі патрульдік полиция батальонының инспекторы, полиция аға лейтенанты Ғабит Нұрсейітов Самара-Шымкент магистралды тас жолында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет атқаруда. Осындай жұмыс күнінің бірінде сағат кешкі 18:00 шамасында полицейлер жолдың жиегіне шығып кеткен үлкен жүк көлігін байқап, тоқтап, жүргізушіге көмектескен.
Басқа жүк көлігінің көмегімен полиция қызметкерлері жүргізушілермен бірге аталған көлікті сүйреп, жолдың шетінен шығарды. Ақаулар жойылған кезде ауыр жүк көлігінің жүргізушісі өз жолын қауіпсіз жалғастыра алды.
Жүргізушінің өзі патрульдік полиция қызметкерлеріне, оның ішінде полицияның аға лейтенанты Ғ.Нұрсейітовке және оған көмек көрсетуге қатысқандардың барлығына үлкен алғыс білдірді — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері ауа райы қолайсыз болған жағдайда жол жүруден бас тартуды ұсынады. Сондай-ақ, автомобильдің техникалық жабдықталуына назар аудару керек, қажетті құралдарды өзіңізбен бірге алып жүруге кеңес береді. Жүргізушілер есіңізде болсын: Жолда абай болыңыз және жол ережелерін сақтаңыз.
ТО ПД-ның баспасөз қызметі




