102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері өрттің алдын алды

11 марта, 2021
0
Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері өрттің алдын алды

Түркістан облысы Полиция департаменті Жылдам қимылдайтын арнайы жасағында қызмет ететін төрт жігіт үйлеріне түскі ас ішуге келеді. Пәтерге кірген бетте олар, жағымсыз ыстың иісін сезеді. Жас жігіттер бірден үйлеріндегі өрт шығуы мүмкін деген жерлерді тексеріп шығады. Бірақ өз үйлерінен ештеңе таппайды. Одан кейін уақыт өткізбестен, көпқабатты тұрғын үйдің төменгі қабатына түсіп, жақын пәтерлерді барлай бастайды. Кенет 2-қабаттағы үйдің сыртқы есігінің жан-жағынан түтін шығып жатқанын байқайды. Дереу әрекетке көшкен полицейлер, есікті ашпақ болады. Алайда есік құлыптаулы.
Содан тәртіп сақшылары, тез арада шешім шығарып, үйге келесі пәтердің балконы арқылы секіріп өтеді. Балконның есігін ашып, үйге кіргенде газ плита жанып қалғанының үстінен түседі. Газдың үстінде ыдыс жанып, ас үйдегі кілем өртке оранып, үйдің іші түгел түтін басып, ыс болып жатады. Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың қызметкерлері газды өшіріп, кілемдегі отты сөндіреді. Барлық қажетті шараларды іске асырады. Үй ішінде адам бар-жоғын қарап шығып, ешкім жоқтығына көз жеткізеді.
Көпқабатты бірнеше үйді өрттен аман алып қалған жас полицейдің бірі өз сөзінде: «Оқиға түскі уақытта орын алды. Әйтеуір, тез арада әрекет етуіміздің арқасында өрттің алдын алдық. Бұл жерде күнделікті жаттығудың көмегі тиді деп айта аламыз. Оның үстіне басты міндетіміз — халықтың тыныштығын сақтау. Осы бағытта адал, мінсіз қызмет етуге қашанда дайынбыз»-деп, атап өтті.
Ал, көрші Ақбаян Тұрсынбаева болса: «Егер жігіттер жарты сағатқа кешіккенде бұл үйде болған өрт, бірнеше үйді жайпап өтер еді. Рақмет, осы жігіттердің арқасында барлығымыз аманбыз. Көршілеріме айтарым, қауіпсіздікті сақтайық»-дейді.
Белгілі болғандай, үй иесі бұл кезде моншаға кеткен. 80 жастағы тұрғын Райхан Құрбанбаеваның айтуынша, «Газға тамақ жылытамын деп қойып, тіптен ұмытып кетіппін. Мына жігіттердің тәуекел еткендеріне ризамын. Менің үйімді, басқа да пәтерлерді келеңсіз жағдайға тап болудан сақтап қалыпты. Алдағы уақытта мұндай олқылықтарға орын бермеуге тырысып, қауіпсіздікті қадағалаймын»-деп, Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың қызметкерлеріне шынайы ризашылығын жеткізді.

ТО ПД-ның баспасөз қызметі

ShareTweetPin
Next Post
Түркістан облысының полицейлері ірі қара малдарды ұрлаған екеуді ұстады

Түркістан облысының полицейлері ірі қара малдарды ұрлаған екеуді ұстады

Келестік полицейлер кәнігі қалта ұрысын ұстады

Келестік полицейлер кәнігі қалта ұрысын ұстады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым