Түркістан облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасына және Полиция департаментіне жаңадан «IVECO» маркалы «Автоураган» автокөлігі берілген болатын. Қазіргі таңда осы автокөліктің көмегімен жол жүру ережесін бұзушылар анықталуда. Егерде жол-патрульдік полиция қызметкерлері айыппұлдарды төлемеген жүргізушіні анықтау мақсатында қатарынан бірнеше көлікті тоқтату керек болса, бұл іс «Автоураган» арқылы жылдам жүзеге асады. Атап айтсақ, арнайы база айыппұл төлемеген жүргізушілердің көлігінің мемлекеттік нөмірлерін анықтап, полиция қызметкерлеріне хабарлайды.
Осы тұста Түркістан ҚПБ қызметкерлері жұмыс атқару барысында «Сергек» камерасына жылдамдықты асырып түскен және автокөлікткердің салығын төлеуден жалтарып жүргендерді анықтады — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар полицейлер 1 тәулікте 2 ресей автокөлігін анықтады. Олар «Сергек» камерасына жылдамдықты асырып түскен. Сондай-ақ автокөліктерге 1 000 000 ( бір миллион) теңгеден астам айыппұл түскен. Полиция қызметкерлері осы айыппұлды төлемей жалтарып жүрген екі ресей автокөлікті автокөліктер тұратын айып тұраққа жеткізді.
Өз сөзінде Түркістан ҚПБ ЖПҚ патрульдік полиция ротасының взвод командирі полиция майоры Данияр Түймебаев «Түркістан қаласының тұрғындарына жол ережелерін қатаң сақтауды және арнайы база арқылы айыппұл төлемеген жүргізушілерге берешектерін уақытылы төлеуді ескертеді».
ТО ПД-ның баспасөз қызметі




