102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Түркістан облысында жүргізуші 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды

9 марта, 2021
0
Түркістан облысында жүргізуші 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды

Жетісай АПБ-ның қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу, болдырмау, жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында, күнделікті рейдтік-профилактикалық іс-шараларды жүргізеді. Осындай кезекті жұмыс күнінде Жетісай АПБ ЖПҚ Патрульдік полиция тобының қызмет инспекторы полиция майоры Ертау Сауранбеков мас жүргізушіні анықтап, оның қандай да бір қателікке жол беріп, жол апатын жасауына тосқауыл қойды.
Нақтырақ айтсақ, полицей Жылысу ауылдық әкімдігінің орталық көшелерінің бірінде қарама-қарсы өтіп бара жатқан көліктің жүргізушісі қауіпсіздік белдігін тақпағанын байқайды. Оған қоса кәсіби шеберлігінің арқасында жүргізушінің отырысы, көзқарасы күдік тудырады. Осыған байланысты бірден әрекет еткен тәртіп сақшысы «Nexia» маркалы автокөлікті қуып жетіп тоқтатады. Жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында, оның мас екені анықталады. Полицейлер күдіктіні бірден бөлімшеге жеткізді.
Оған қатысты сараптама тағайындалып, қорытындысына сай «Орта» дәрежелі мас халде екені анықталды. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабымен «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» тіркеп, әкімшілік хаттама толтырды. Жинақталған іс-құжаттары заңды шешім қабылдау үшін аудандық сотқа жолданды. Қазіргі таңда ішімдік ішіп көлік тізгіндеген ер адам сот шешімімен 15 тәулік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды. Одан бөлек, қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 3-бөлігімен хаттама толтырылды — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері жүргізушілерге мас халде көлік басқармаңыздар деп ескертеді. Бұл құқық бұзушылыққа қатысты заң қатаңдатылғаны баршаңызға белгілі. Сондай-ақ қашықтықты және маневр жасау ережелерін сақтап, жылдамдықты шамадан тыс асырмаңыздар. Ешқандай жағдайда қарсы жолаққа шықпаңыздар. Тәртіп сақшылары кез келген жүргізуші не жолаушы, үнемі жол қауіпсіздігі ережесін орындап, тәртіпке бағынуына кеңес береді.

ТО ПД-ның баспасөз қызметі

ShareTweetPin
Next Post
Түркістан облысының полицейлері карантин талаптарын бұзудың 2000-ға жуық жайтын анықтады

Түркістан облысының полицейлері карантин талаптарын бұзудың 2000-ға жуық жайтын анықтады

Тәртіп сақшылары жол ережесін өрескел бұзғаны үшін «бейнеролик» кейіпкерін жауапкершілікке тартты

Тәртіп сақшылары жол ережесін өрескел бұзғаны үшін "бейнеролик" кейіпкерін жауапкершілікке тартты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым