102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Шетелдіктерге 11 миллионға жуық шығын келтірген 31 жастағы тұрғынға қатысты сот үкімі шықты

26 февраля, 2021
0
Шетелдіктерге 11 миллионға жуық шығын келтірген 31 жастағы тұрғынға қатысты сот үкімі шықты

Сарыағаш АПБ-ға Тәжікстан Республикасының азаматтары арызданады. Олар өз арызында карантин күшейтілген мерзімде Қапланбек шекара бекеті маңындағы үйлердің бірінің иелерімен келісіп, ауласына 9 көлікті қойғанын, алайда арада бір ай уақыт өткеннен соң үй иесі мен оның ауласына қойған көліктерді таппағанын жазып, көрсеткен. Шетелдік азаматтарға келтірілген шығын көлемі 11 000 000-ға жуық теңгені құрайды — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Аталған жайт бірден Сарыағаш АПБ-да ҚР ҚК-нің 189-бабымен (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) тіркелді. Полицейлер ірі сомада шығын келтірген 31 жастағы күдікті тұрғынды анықтау мақсатында оның жергілікті мекенжайын мұқият тексерді. Алайда күдікті ер азаматтың ол жерден қашып, бой тасалап кеткені анықталды. Осылайша іздестіру жұмыстары кезінде Сарыағаш АПБ-ның полицейлері облыс көлеміндегі басқа да қала, аудандарға бағыттама жолдады. Небары үш күн ішінде ер азамат Қазығұрт ауданындағы туысының үйінен табылып, полиция бөліміне жеткізілді.
Белгілі болғандай күдікті Сарыағаш қаласы Қапланбек шекара аумағындағы өз үйінің ауласына шетелдіктердің көлігін уақытша қоюларына рұқсат беріп, келіскен. Алайда шетелдіктерге берген уәдесін ескермей, бас пайдасына жарату мақсатында арам ой туындап, 9 көлікті де сатып жіберген. Яғни алты көлікті Шымкент қаласының тұрғынына сатса, үш автокөлікті Сарыағаш ауданының тұрғынына бөлшектеп өткізген.
Сонымен қатар полицейлер тергеу барысында күдіктінің бұрын алаяқтық бойынша сотты болғанын анықтады. Тоғыз автокөлік те тәркіленіп, шетелдік азаматтарға қайтарылды. Бұл жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 189-бабынан, 188-бабына қайта дәрежеледі. Өйткені ұсталған ер азамат бөтеннің мүлкін жасырын жымқырып, ҚР ҚК-нің 188-бабында көрсетілген қылмысты жасаған.
Сарыағаштық тергеушілер күдіктінің кінәсін толық дәлелдеп шықты. Ұсталған 31 жастағы ер азаматқа қатысты құжаттар жинақталып, шешім шығарылу үшін сотқа жолданды. Өз кезегінде сот кінәлі азаматқа 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

ТО ПД-ның баспасөз қызметі

ShareTweetPin
Next Post
Сарыағаштық полицейлер жүк көлікке заңсыз тас артқандарды анықтады

Сарыағаштық полицейлер жүк көлікке заңсыз тас артқандарды анықтады

Түркістан облысының полицейлері кезекті көкпар ойынын тоқтатты

Түркістан облысының полицейлері кезекті көкпар ойынын тоқтатты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым