«Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасының 5-ші тәулігінде облыс бойынша Қазақстан Республикасына келу, болу және ҚР-нан кету Ережелерін бұзған барлығы – 604 шетелдіктер мен ҚР-сы азаматтары анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде: 349-ы шетелдік, 255-і ҚР азаматтары. Аталған құқық; бұзушылардың 93-і не әкімшілік айыппұлдар салынып, ал өзге елдердің 51 азаматы сот шешімдерімен ел аумағынан шығарылған — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Шетел азаматын заңсыз тұрғын үймен қамтамасыз еткен – 220 тұлға, сондай-ақ шетел жұмыс күшін заңсыз пайдаланған – 35 Қазақстан Республикасының азаматтары анықталып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы «Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» бойынша және 519-бабы » Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзу» бойынша әкімшілік жауапкершіліктері қаралды.
Бұдан бөлек, заңсыз көші-қонды ұйымдастыру жұмыстары бойынша 2 дерек анықталып, қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 394-бабымен «Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру» қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
«Мигрант» іс-шарасы өз мәресіне жетті. Дегенмен алдағы уақыттарда да бұл бағыттағы іс-шаралар өз жалғасын табатын болады.
ТО ПД-ның баспасөз қызметі




