Сарыағаш АПБ-не ҚР ҰҚК Шекара қызметі Сарыағаш аудандық басқармасының «Жібек жолы» шекара бақылау бекетінен хабарлама келіп түскен.
Онда «Климинтина» атты қызметік ит ҚР-нан Өзбекстан Республикасына жаяу өтіп бара жатқан жүргіншіні көріп белгі береді. Содан полицейлер күдік тудырған азаматты байқап тексереді. Тексеру барысында күдікті азаматтың джинси шалбарының артқы сол жақ қалтасынан есірткіге ұқсас зат табылды. Алынған затты полицейлер сараптамаға жолдады — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Осы оқиға бойынша полицейлер ҚР ҚК-нің 286-бабы «Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы» бойынша тіркеді. Сараптамада көрсетілген нәтиже оның 7 грамнан аса салмағы бар кептірілген «марихуана» екендігі белгілі болды. Сондай-ақ 40 жастағы азаматтың Маңғыстау облысының тұрғыны екені анықталды. Қазіргі таңда күдікті ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға есірткіні заңсыз тасымалдағанға қатаң жаза көзделгенін ескертеді. Тәртіп сақшылары шекарадан өтпек болған тұрғындарға есірткіге байланысты құқық бұзушылықтан аулақ болуға шақырады. Егерде сіз есірткі құралдарын сақтау және заңсыз айналымы туралы қандай да бір ақпаратты білсеңіз, тез арада полицияның 102 нөміріне хабарласыңыз.
ТО ПД-ның баспасөз қызметі




