102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Полицейлер «Біз біргеміз!» акциясына қолдау көрсетті

26 апреля, 2020
0
Полицейлер «Біз біргеміз!» акциясына қолдау көрсетті

Төтенше жағдай кезінде полиция күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Короновирус індетіне қарсы күрестің алдыңғы шебінде жүріп, полицейлер күн сайын азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.

Осы қиын кезеңде тәртіп сақшылары балалар мекемелеріне, қарттар үйлеріне және халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарындағы отбасыларына қолдау көрсетуде.

Ішкі істер министрлігі “Біз біргеміз!” республикалық акциясына қатысуда. ІІМ орталық аппаратының жетекші қызметтері мен бөліністері азық-түліктер мен бірінші кезекте қажетті тауарларды жеткізді.

Алдын алу шараларын сақтай отырып, ІІМ қызметкерлері қарт адамдар, тұрмысы төмен отбасылардан шыққан жетім балалар орналасқан бірқатар елордалық мекемелерге барды. Көп балалы отбасылар мен ерекше балалары бар отбасыларды да қолдап, қамқорлық көрсетті.

Министрліктің “Тергеу департаментінің” делегациясы мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған сегіз отбасына барды.

“ІІМ орталық аппаратының тергеушілері азаматтық ұстанымдарын білдіре отырып, әсіресе, азық-түлік тұрғысынан көмекті қажет ететін астаналық отбасыларды қолдауға бел буды және оларға карантинді қатаң сақтағаны үшін алғыс білдірді”, – деп атап өтті Департамент бастығы Санжар Әділов.

“Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің және көші-қон қызметі комитетінің” басшылары өмірдің қиын жағдайында жүрген балаларды қолдау орталығына азық-түлік себеттерін, сондай-ақ жеміс-жидектер мен тәттілерді әкелді.

“Бүгін біз ең қорғалмаған – қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілеріне көмек көрсетуден тыс қала алмаймыз. Қазір олар барлық уақытта карантин шарттарын сақтап, үй-жайдан шықпай отыр. Сондықтан Ішкі істер министрлігі оларға көңіл-күй сыйлап, олардың иммунитеттерін көтеретін сыйлықтар дайындады. Біздің шағын көмегіміз орталық тәрбиеленушілерін қуантады және қолдайды деп үміттенемін”, – деп қорытындылады есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Тілеген Мәткенов.

ІІМ-нің “кадр саясаты, өзіндік қауіпсіздік және ақпараттандыру және байланыс” саласының қызметкерлері мүгедек балаларға арналған арнайы интернатқа барды. Олар балаларға азық-түлік апарды. Мекеме басшылығы полицейлерге көңіл бөлгені үшін алғыс айтып, бұл көмектің уақтылығы мен қажеттілігін атап өтті.

Қарт адамдар да назардан тыс қалған жоқ. “Әкімшілік полиция және төтенше жағдайлар комитеттерінің, сондай-ақ криминалдық полиция департаментінің” басшылары астаналық қарттар үйіне азық-түлік пен бірінші кезектегі қажетті тауарларды әкелді. Сондай-ақ, қайырымдылық көмек қала әкімдігінің “Шарапат” әлеуметтік қызмет көрсету орталығына жеткізілді.

“Бүгінгі таңда короновирустық инфекция 60 жастан асқан қарт адамдарға аса қауіпті. Біз адамның жасы келген сайын иммунитеті әлсірейтінін, ал созылмалы аурулардың болуы ауыру кезінде жағдайды ушықтыратынын түсінеміз. Сондықтан қарттар үйлеріне ерекше көңіл бөліп отырмыз. Иммунитетті нығайту үшін біз әр түрлі дәруменді тағамдармен, пайдалы азық-түлікпен қамтамасыз етуді шештік”, – деп атап өтті ТЖК төрағасы В. Беккер.

Өз кезегінде мекеме өкілдері көрсетілген көмек үшін алғыстарын білдірді.

ShareTweetPin
Next Post
Учаскелік полиция қызметкерлері қосымша оқудан өтуде

Учаскелік полиция қызметкерлері қосымша оқудан өтуде

“Біз бір отбасындай!”: тәртіп сақшылар көпбалалы отбасыларға көмек көрсетуін жалғастыруда

“Біз бір отбасындай!”: тәртіп сақшылар көпбалалы отбасыларға көмек көрсетуін жалғастыруда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым