102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Түркістандық сақшылар 102 жедел желісі арқылы 1 тәулікте 200-ге жуық қоңырау қабылдап, «102» мобильді қосымшасы арқылы бірнеше тұрғынмен байланысқан

8 февраля, 2021
0
Түркістандық сақшылар 102 жедел желісі арқылы 1 тәулікте 200-ге жуық қоңырау қабылдап, «102» мобильді қосымшасы арқылы бірнеше тұрғынмен байланысқан

2021 жылдың 1 ақпанынан бастап Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаев қазақстандықтарды «102» қосымшасын пайдалануға шақырған болатын. Министрдің айтуы бойынша халыққа ыңғайлы жаңа сервис, яғни 102 мобильдік қосымшасы орын алған оқиғалар мен азаматтардың хабарламаларына тез арада жауап беру, жедел шараларды атқару арқылы көмек қолын созу үшін енгізілген. Сондықтан аталмыш қосымша бойынша, Түркістан облысы Полиция департаменті Штаб басқармасының бастығы полиция полковнигі Сейітжомарт Сейітхан тұрғындарға түсіндіріп берді.
«102 мобильдік қосымшасын кез-келген адам өз смартфонына жүктеп ала алады. Содан соң тіркеліп, өзіне қатысты мәліметтерді енгізеді. Егерде кез-келген жерде бір құқықбұзушылық пен төтенше жағдай орын алса, бірден осы қосымша арқылы бейнежазба мен аудиожазба немесе мәтіндік хабарламаны полицияға жолдайды. Өз кезегінде полиция қызметкері түскен хабарламаны алып, оқиға болған жерге жедел түрде полицейлерді бағыттайды. Бүгінгі күнге дейін бірнеше тұрғыннан 102 мобильдік қосымшасы арқылы аудиожазба қабылданды. Ол бойынша полицейлер жедел жұмыстарды атқарып, тиісті шараларды қабылдаған. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады»,- деп атап өтті полиция полковнигі С. Сейітхан.
Сонымен қатар арнайы қосымшадан бөлек Түркістан облысы Полиция департаментінің кезекшілік бөлімі 102 қоңырауы арқылы тәулік ішінде 200-ге жуық қоңырауларды қабылдауда. Ал 102 мобильдік қосымшасы арқылы бірнеше тұрғынның аудиожазбасын тіркеп, ол бойынша тиісті жұмыстар жасалған. Мобильдік қосымша арқылы түскен аудиожазбалар көліктердің ретсіз қойылуына байланысты айтылған — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ 102 жедел желісі бойынша бір сағаттың ішінде бейнебақылау камералары арқылы полицейлер жол қозғалысы ережесін бұзған 3 көлік иесі мен қоғамдық орынды ластаған 2 азаматты анықтады. «Темір тұлпарларының» иелері қоюға тыйым салынған орынға келіп жайғасқан. Аталған жайт бойынша полицейлер бірден бағыт алып, оқиға орнына жетіп, жүргізушілерге ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабымен (Көлiк құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу) хаттамалар толтырды. Екеуі сол мезетте полиция қызметкерінің заңды талабына бағынса, келесі жүргізуші оқиға орнынан ізін суытпақшы болды. Алайда полицейлер бейнебақылау камералары арқылы оның барған жерін анықтап, экипажды бағыттады.
Сондай-ақ қоғамдық орынды ластап, темекі тұқылын тастаған екі тұрғынға ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы «Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау» бойынша әкімшілік шара көрілді.

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

ShareTweetPin
Next Post
Алаяқ әйелді ұстады

Алаяқ әйелді ұстады

Түркістан облысының полицейлері Шардара су қоймасынан заңсыз балық аулаған браконьерді ұстады

Түркістан облысының полицейлері Шардара су қоймасынан заңсыз балық аулаған браконьерді ұстады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым