Түркістан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларының негізінде, карантин режимі кезінде бірқатар шектеу шаралары көрсетілген. Осы бағытта Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 425-бабы « Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу» бойынша Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары карантин режимін және шектеу шараларын сақтау үшін құрылған топпен бірге профилактикалық жұмыстар жүргізуде.
Шара барысында сағат 23:55 шамасында Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылында орналасқан «Фастфуд» тамақтану орталығы жұмыс жасап тұрғаны анықталды. Сондай-ақ оның автокөлік жүргізушісі карантин режимін және шектеу шараларын сақтамаған. Осыған байланысты Түркістан облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысында көрсетілген талаптарды сақтамағаны үшін іс-құжаттар жинақталып, Сарыағаш аудандық СЭББ-на жолданды — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Түркістан облысы Полиция департаменті карантин режимі кезінде бекітілген талаптарды орындамай, тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіретін азаматтар тиісті жауапқа тартылатынын ескертеді. Сондықтан бетперде кию және арақашықтықты сақтауды естен шығармаңыз.
ТО ПД-ның баспасөз қызметі




