Ордабасы ауданы аумағында санитарлық-эпидемияға қарсы карантин ережесінің талаптары сақталуын қамтамассыз ету мақсатында, Ордабасы АПБ-нің қызметкерлерімен күнделікті рейдтік іс-шаралар жүргізуде. Осындай кезекті рейд жүргізу барысында, Жетісай ауданының жергілікті тұрғыны карантин режимі талаптарын сақтамай, 100-ге жуық адамдарды жинап, «Көкпар» ұлттық ойынын өткізіп жатқаны анықталды-деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Тәртіп сақшылары «көкпар» ойынына қатысушыларды дереу тоқтатып, олармен карантинді бұзуға жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Осы шараны ұйымдастырушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жиналған материалдар заңды шешім қабылдау үшін Жетісай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық орталығына жолданды.
Өз кезегінде полицейлер Түркістан облысының тұрғындары мен қонақтарын карантин режимі мен санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың талаптарын бұзбауға шақырады. Базарларға, дүкендерге және адамдар көп жиналатын басқа жерлерге барған кезде, қоғамдық көліктерде медициналық бетперде киіп, антисептиктерді пайдалану және әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет.
ТО ПД-ның баспасөз қызметі




