102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Түркістан облысында «мүгедектікке шығарып беремін» деп, бірнеше тұрғыннан ақша алған алаяқтыққа күдікті әйел ұсталды

26 января, 2021
0
Түркістан облысында  «мүгедектікке шығарып беремін» деп, бірнеше тұрғыннан ақша алған алаяқтыққа күдікті әйел ұсталды

Бүгінде бөтеннің сеніміне кіру арқылы алдап, алаяқтық әрекеттерін іске асыратындар қатары көбейген. Түркістан облысының полицейлері осындай оңай жолмен ақша табатын талай алаяқтарды құрықтап жүр. Мәселен, Түркістан қалалық полиция басқармасының полицейлері мүгедектікке шығарып беремін деген желеумен бірнеше тұрғынның ақшасын жымқырған күдікті әйелді ұстады. Нақтырақ айтсақ, өткен жылдың желтоқсан айында жергілікті тұрғынның танысы «күйеуін мүгедектікке шығарып беремін деп» алдап, құжаттарымен бірге 190 000 теңгесін алған. Осы уақыт аралығында мүгедектікке шыға алмаған, ақшасын қайтара алмаған тұрғын сан соғып қалғанын түсініп, ҚПБ-ға арызданып, полицияның көмегіне жүгінген. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілді-деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Қалалық полицейлер жәбірленушінің арызына орай, шұғыл түрде іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде күдікті әйел тұрғылықты мекенжайынан ұсталды. Ол жергілікті тұрғын, жас әйел болып шықты.
Тергеу барысында күдіктінің жалпы 5 жәбірленушіні алдап, 500 000 теңгеден астам қаржыны иемденгені белгілі болды. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өз кінәсін мойындаған күдікті әйелдің бас шарасы «қолхатта».
Түркістан облысының полицейлері алаяқтардың арбауына ермей, кез келген мәселеңізді заң жүзінде шешіңіздер деп ескертеді. Егер де, сіз, алаяқтық қылмысына куә болсаңыз немесе құрбаны болсаңыз «102» шұғыл нөміріне хабар беріңіздер. Өйткені дер кезінде берілген ақпарат, қылмыстың тез ашылуына ықпал етеді.

ТО ПД-ның баспасөз қызметі

ShareTweetPin
Next Post
Түркістан облысының полицейлері көршілерінің үйіне ұрлыққа түскен ер адамды ұстады

Түркістан облысының полицейлері көршілерінің үйіне ұрлыққа түскен ер адамды ұстады

Түркістан облысының полицейлері заңсыз ойын бизнесінің жолын кесті

Түркістан облысының полицейлері заңсыз ойын бизнесінің жолын кесті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым