102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарды алдап, алаяқтық жолмен 80 миллион теңге алған күдікті әйелді ұстады

22 января, 2021
0
Түркістан облысының полицейлері тұрғындарды алдап,  алаяқтық жолмен 80 миллион теңге алған күдікті әйелді  ұстады

Созақ АПБ-не жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғандығы туралы арыз түсірген. Жәбірленуші әйелдің айтуынша сырттай танысы мемлекет тарапынан қайтарымсыз несие алып беремін деп сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 4 500 000 теңгеден астам ақшасын заңсыз иемденіп кеткенін көрсеткен. Тәртіп сақшылар аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша СДТБТ-ға тіркеп, қылмыстық істі бірден бастап кетті-деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Арызданушылардың шағымына сәйкес, орын алған алаяқтық қылмысын ашып, күдіктіні анықтау мақсатында Созақ АПБ-ның тергеу бөлімшесінің қызметкерлері қажетті іс-шараларды жүргізді. Тексеру жұмыстары нәтижесінде, полицейлер осы қылмысқа қатысты күдіктіні анықтап, оны тұрғылықты мекен-жайынан ұстады. Қазіргі таңда күдікті жас әйел қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Сондай-ақ АПБ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары полиция капитаны Асылмұрат Тұрсынбеков пен тергеуші полиция аға лейтенанты Досжан Жансейт бастаған тергеу тобы жан-жақты жұмыс жасап, күдіктіге жасаған қылмысты мойындату үшін нақты айғақтар мен дәлелдер тауып, әрбір істі терең әрі тиянақты зерттеу нәтижесінде бұл жайт анықталды. Сонымен қатар 50-ден астам осындай жайтқа қатыстылығы анықталды. Тәжірибелі тергеушілер күдікті азаматшаның жәбірленушілердің әрқайсысынан 350 мың теңгеден бастап, 4 550 000 теңгеге дейін алаяқтық жолмен ақша алып жүргенін ашты. Оларға келтірілген жалпы шығын көлемі 80 миллион теңгені құрап отыр. Қазіргі таңда тергеу бөлімінің қызметкерлерімен күдіктінің бұдан басқа да жайттарға қатыстылығы анықталуда.
Түркістан облысы полицейлері облыс тұрғындарына кез келген жанға сенбеуді, алаяқтың арбауына түсіп қалмауды ескертеді. Азаматтарға әр түрлі алаяқтардың айла-амалдарына түспеу үшін қырағы болуды ұсынады. Таныс емес адамдарға мүліктеріңізді, жеке мәліметтеріңізді, банк шоттарының кодтарын және ақшаларыңызды, басқа да ақпаратты бермеңіз. Сақ болыңыз және күмәнді қызметтерді ұсынатын адамдардан оңай пайда табуға үміттенбеңіз. Егер, сіз, алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияға 102 телефоны арқылы хабарласыңыз.

ТО ПД-ның баспасөз қызметі

ShareTweetPin
Next Post
Металл құбырларын ұрлаған күдіктіні анықтады

Металл құбырларын ұрлаған күдіктіні анықтады

Түркістан облысының полицейлері тыйым салынған діни әдебиеттерді таратқан күдіктіні ұстады

Түркістан облысының полицейлері тыйым салынған діни әдебиеттерді таратқан күдіктіні ұстады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым