102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Түркістан облысының полицейлері жол ортасында есінен танған тұрғынға алғашқы көмек көрсетті

22 января, 2021
0
Түркістан облысының полицейлері жол ортасында есінен танған тұрғынға алғашқы көмек көрсетті

Түркістан облысының патрульдік полиция қызметкерлері күнделікті рейдтік шараларын тұрақты түрде жалғастыруда. Осындай шара барысында патрульдік полицейлер Қанат Айнабеков пен Нұрлан Кұзжанов екеуі Түркістан қаласының С.Ерубаев көшесінің бойын патрульдеу кезінде, жолдың қақ ортасында «BMW» маркалы автокөліктің тоқтап тұрғанын байқайды. Себебін анықтау мақсатында көлік жанына жақындайды. Сол сәтте жүргізушінің ауыр халде жатқанын көріп, бірден жедел жәрдем қызметіне хабар берген. Халықтың қамы үшін әрдайым алаңдап тұратын тәртіп сақшылары жедел жәрдемді күтіп тұрмастан, қала тұрғынына қолдан келгенше алғашқы көмек көрсетіп, жүрек тұсына массаж жасаған. Көп ұзамай жедел жәрдем қызметі келіп, ауруханаға алып кеткен-деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Өз кезегінде Бабишев Мұраттың әкесі полиция қызметкерлерінің адал еңбектеріне көңілі толып, өз алғысын жеткізді. «Осыдан 5-6 күн бұрын ұлым С.Ерубаев көшесінің бойында өзінің көлігімен келе жатқан. Сол мезетте денсаулығы күрт нашарлап, есінен танып қалыпты. Баламды көрген полицейлер тез арада жедел жәрдемге хабар беріпті. Алғашқы медициналық көмекті де көрсетіпті. Қазіргі таңда баламның жағдайы жақсы. Емханада ем алып жатыр. Осы Нұрлан мен Қанат балаларыма, алғысым шексіз. Алдағы жұмыстарына тек жақсылық, табыс, береке тілеймін»,-деп жүрекжарды сөзін айтты.
Сонымен қатар Бабишев Мұраттың өзі де рақметін айтты. «Мен, денсаулығыма байланысты есімнен танып қалдым. Әуелі Алла, одан соң Түркістан облысының полицейлерінің арқасы, аман қалдым. Сіздерге үлкен ризашылығымды білдіремін».
Полиция қызметкерлері қоғам тыныштығымен қатар, тұрғындардың денсаулықтарын да баса назарда ұстайды. Кез келген қиындықта жандарынан табылып, барлық мәселелерін шешуге, қандай да бір сұрақтары болса бірге жауап іздейді.
Тәртіп сақшылары біздің қорғанымыз, мақтанышымыз. Осы тұста біз де, ел қамын ойлайтын, елім деген азаматтар қатары көбейе берсін демекпіз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.

ТО ПД-ның баспасөз қызметі

ShareTweetPin
Next Post
Түркістан облысында «Автобус» іс-шарасы бойынша тәулік ішінде 24 хаттама  түзілген

Түркістан облысында «Автобус» іс-шарасы бойынша тәулік ішінде 24 хаттама түзілген

Түркістан облысы полицейлері карантин режимін сақтау мақсатында тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, бетперде таратты

Түркістан облысы полицейлері карантин режимін сақтау мақсатында тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, бетперде таратты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым