102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Түркістан облысының бас полицейі алғыс айтты

15 января, 2021
0


Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков әлеуметтік желі қолданушыларына есеп берді. Департамент бастығының әлеуметтік желідегі жеке «Facebook» парақшасы 2019 жылдың сәуірінде ашылған, оның 5000 досы мен 2000-нан астам жазылушысы бар. Содан бері департамент бастығы желі қолданушыларымен тығыз байланыста. Апта сайынғы қабылдауынан бөлек, қосымша тұрғындардың өтініші бойынша олармен жүздесіп, мәселелерінің шешілуіне өз септігін тигізген. Шешімін таппаған арыз-шағымдар мен жеке мәселелері бойынша өтініш жасаған жандарды да полиция басшысы әрдайым мұқият тыңдап, қызметкерлерге сол бойынша тиісті тапсырмаларын берген. Жеке парақшасына түскен бірде-бір сауал жауапсыз және полицейдің назарынсыз қалмаған.
Яғни полиция генерал-майоры өткен 2020 жылы жеке парақшасына 400-ден астам жарияланым жасап, оған түскен 100-ге жуық сауал мен мессенджеріне қосымша түскен хабарламаларға да өз мерзімінде жауап қайтарған. Өйткені Полиция департаментінің ресми парақшаларынан бөлек, бас полицейге сенім білдіріп, көмегіне жүгінетіндер көп.
Өз кезегінде департамент бастығының жазбаларына желі қолданушылары да риясыз ризашылықтарын білдіретін түрлі жазбалар мен түсіндірмелерді (комментарий) қалдырған, бас полицейдің жұмысына алғыс айтқан арнайы посттарды жариялаған -деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Мәселен желі қолданушысының бірі А.Налибаева: «Ия сізгеде үлкен рахмет, рас, уақыт тауып сұраққа жауап беріп, жеке қабылдауға шақырып істерді өзіңіз қадағалап отырдыңыз. Полиция қызметкерлеріне де тергеуші жедел іздеу тобына да алғысым шексіз…», — десе, басқа да азаматтар «Е.Қуандықов: Өткен жыл оңай болмады. Елге, халыққа сынақтар түсті. Жұмыстарыңыз табысты, берекелі болсын. Халық пен полиция жақындай түссін. Ауызбіршілік артсын!, Г.Усенова: Сіздей халыққа жақын басшы көбейсін!, К.Рысметов: Ия рас! Ашық болғаныңыз үшін де сын мен арыз-шағымдар азайды. Жаңа жылда қызметіңізге сәттілік тілеймін!» — деп көптеген қолданушылар полиция генерал-майоры Қ.Дәлбековтің жұртқа жақындығы мен қызметте ашықтығына алғыстарын жаудырып жатты.
Яғни генералдың дәл осы постына 400-ден астам адам лүпіл (лайк), 134 адам жағымды пікір қалдырған. Ал 15 адам өз парақшаларына бөліскен.
Облыстың бас полицейі өз жазбасының соңында: «Әлеуметтік желідегі жұмыстарыма есеп бере отырып, сіздердің тараптарыңыздан түскен арыз-шағымдардың шешілуіне септігім тиіп, сіздерге көмектессем, сіздерден соған сай «рақмет» деген алғыстарыңызды алсам, ол мен үшін үлкен мәртебе. Бұдан былайғы кезде де сіздер үшін мен міндетті түрде уақыт тауып, уәждеріңізге мән беретінімді білгейсіздер. Келер жылға үлкен үмітпен қарай отырып, халқымыз дін аман, алдағы күндеріміз жақсылыққа, жағымды жаңалықтарға толы болады деп сенемін. Менімен бірге болғандарыңыз үшін РАҚМЕТ! ӘРДАЙЫМ БАЙЛАНЫСТАМЫЗ!» — деді.

ShareTweetPin
Next Post

Жетісайлық сақшылар балаларды өз қамқорлықтарына алды

Түркістан облысының полицейлері ондаған телефон ұрлаған күдіктілерді ұстады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым