102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Түркістан облысының полицейлері алтын бұйымдар ұрлаған пәтер ұрысын ұстады

8 января, 2021
0
Түркістан облысының полицейлері алтын бұйымдар ұрлаған пәтер ұрысын ұстады

Сайрам АПБ-на жергілікті тұрғын арызданады. Жәбірленуші азаматтың айтуынша, күндізгі уақытта белгісіз тұлға оның тұрғын үйіне ұрлыққа түскен. Пластик терезесін бұзу арқылы кірген ұры, жәбірленушіге тиесілі түрлі алтын бұйымдарын жымқырып, жалпы құны 2 миллион теңгеден астам шығын келтірген. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді-деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ақпарат алысымен оқиға орнына тез арада жедел-тергеу тобы барады. Тәжірибелі аудандық полицейлер ұрлық болған үйді жақсылап тексеріп, күдіктіні ұстауға қажетті барлық шараларды атқарады. Көрген-білгендерден жауап алып, бейнебақылау камераларын мұқият қарап шығады. Осындай 3 сағаттық жұмыстың ішінде күдікті тұлға анықталып, өз үйінен ұсталады. Ол бұрын сотты болған жергілікті тұрғын болып шықты. Күдіктінің тұрғылықты мекен-жайынан ұрланған заттардың бір бөлігі табылды. Айғақты зат ретінде алынған заттар заңды иесіне қайтарылды. Күдікті қамауға алынды.
Тергеу барысында анықталғандай, күдікті бұдан бөлек тағы бір үйге ұрлыққа түсіп, құны 160 000 теңгелік теледидарын қолды қылған. Қазіргі таңда күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда. Белгілі болғандай, күдікті үйде адам жоқтығын пайдаланып, есік-терезелерін бұзу арқылы арам ойын іске асырып отырған. Осылайша жеңіл жолмен ақша таппақ болған. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде ұрлықтың құрбаны болған тұрғындар, жоғын тауып берген тәртіп сақшыларына алғысын айтты. Қиын да қауіпті жұмыстарына табыс тіледі.
Түркістан облысының полицейлері азаматтарға үйлерін қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Сонымен қатар қылмыс орын алған сәтте тез арада полиция бөліміне барып арыздануды немесе «102» телефонына хабарласуды ескертеді.

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

ShareTweetPin
Next Post
Түркістан облысының полицейлері тұрғынның көлігін заңсыз айдап кетіп, жол апатын жасаған күдіктіні құрықтады

Түркістан облысының полицейлері тұрғынның көлігін заңсыз айдап кетіп, жол апатын жасаған күдіктіні құрықтады

Түркістан облысының полицейлері тонау қылмысын жасаған күдіктіні анықтады

Түркістан облысының полицейлері тонау қылмысын жасаған күдіктіні анықтады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым