Мақтаарал АПБ-нің ЖПҚБ-нің учаскелік полиция инспекторларымен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау бойынша құқық бұзушылықтарды анықтауға қатысты шаралар өткізілуде. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің ерекше бөліміндегі тәртіпсіздікке «нөлдік төзімділік» қағидатын жүзеге асыруға және қоғамдық тәртіпті нығайтуға тікелей әсер ететін ҚР ІІМ-мен белгіленген баптары бойынша, 2020 жылдың 11-айында 3435 құқық бұзушылық анықталған-деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда, ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабымен «Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер» 164 жайт, 132-бабымен «Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру» 5 дерек, 133-бабымен «Он сегiз жасқа толмаған адамдарға темекiнi және темекi бұйымдарын сату және олардың сатуы» 2 жайт, 200-бабы «Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу» бойынша 16 құқық бұзушылық анықталған. Оған қоса 204-бабымен «Белгiленбеген орындарда сауда жасау» 190 дерек, 408-бабымен «Иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзуы» 960 жайт, 434-бабымен «Ұсақ бұзақылық» 626 құқық бұзушылық, 437-бабымен «Тыныштықты бұзу» 41 дерек, 440-бабымен «Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу» 405 жайт, 441-бабымен «Жекелеген қоғамдық орындарда темекi шегуге тыйым салуды бұзу» 486 құқық бұзушылық, 442-бабымен «Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуы» 5 дерек тіркелсе, 449-бабымен «Қоғамдық орындарда тиісу» 147 дерек түзіліп, әкімшілік шара көрілген.
Мысалы, Мақтаарал ауданында 442-бап бойынша түнгі сағат 23:00-ден кейін көшеде заңды өкілінсіз және ата-анасының қарауынсыз жүрген бір топ бала анықталған. Олардың ата-аналарына тиісті шара көріліп, хаттамалар түзілді. Сондай-ақ, 200-бапқа қатысты Мақтаарал ауданы көшелерінің бірінде орналасқан дүкеннің спирттік ішімдік сатып тұрғаны белгілі болды. Дүкен иесіне қатысты істің барлық құжаттары жинақталып, сотқа жолданған. Сонымен қатар құқықбұзушылыққа жол бергені үшін айыппұл салынды.
Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға барлық заңға бағыну керектігін ескертеді. Және де заң баршамызға ортақ екенін ұмытпағайсыздар.
ТО ПД-нің баспасөз қызметі




